онлайн кездесу А.Кенжебекова
Дата: 05.11.2020 | |
Просмотры: 98 | Печать страницы |

2020 жылдың 3-қараша күні сағат 11-00 де Қазақстан Республикасының халық әртісі, Б.Римова атындағы драма театрының әртісі Кенжебекова Алмахан Нұрсейітқызымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Өнерім-өмірім» тақырыбында онлайн кездесу Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен өткізілді.
Эфир барысында театр майталманы Алмахан апай өзінің өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушыларының тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап беріліп, желі оқырмандары Алмахан апайға шығармашылық табыстар тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мақсаты: Жетісулық жерлесіміз театр және кино актрисасы, өнер майталманы А.Кенжебекованың өнерін оқырмандарға насихаттау.