"Абай мұрасы-халқымыздың сарқылмас қазынасы" оқырман конференциясы
Дата: 25.08.2020 | |
Просмотры: 134 | Печать страницы |

2020 жылдың 10 тамыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы-Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай мұрасы-халқымыздың сарқылмас қазынасы» атты онлайн оқырман конференциясы өткізілді. Конференцияға Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, ақын, журналист, жазушы, өлкетанушы - Қажет Андас, №14 мектеп гимназиясының кадет сыныбының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Игисинова Жанар Майлыбайқызы, 6 В кадет сыныбының оқушылары және кітапхананың оқырмандары қатысты. Мақсаты: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Конференция барысында журналист, жазушы, өлкетанушы Қажет Андас сөз алып, Абай туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар Абай өлеңдерін жатқа оқып, қойылған брейн-сұрақтарға жауап берді.
Қазақтың ұлттық философиясының негізін салған, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, тарихи тұлға Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-ұжданы болып қала береді.