"Ерлікке тағзым" онлайн кездесу
Дата: 29.07.2020 | |
Просмотры: 174 | Печать страницы |

2020 жылдың 4 мамыр сағат 11.00 де қалалық №2 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Алматы облыстық дін істер басқармасының маманы Мүтебаев Қанат Маратұлымен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында әлументтік желі оқырмандарына 1941-1945 жылдары Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі жайында және жауынгерлердің ерліктері туралы Мүтебаев Қанат Маратұлы өз ойымен бөлісті және оқырмандардың бұл соғыстың не себепті Ұлы Отан соғысы деп аталды?, Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерліктері туралы айтсаңыз?, Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев туралы не айтасыз?, Кәзіргі жастардың бойынла Отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде? т.б. оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы оның зардаптары туралы мағұлматтармен бөлісу, Отан үшін жанын қиған ата-апаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеру. Ұлы Жеңісті дәріптеу. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру.