«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй»
Дата: 22.07.2020 | |
Просмотры: 101 | Печать страницы |

2020 жылдың 21 шілдесінде сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының әншісі, Қ.Бәйсейтіов атындағы саз колледжі «Дәстүрлі ән салу» бөлімінің меңгерушісі, ұстаз Хармысов Абылайхан Жұмәділұлымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан қазақтың дәстүрлі әндерін, мәдени құндылықтарын насихаттау. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұраларымызды сақтап, рухани байлығын дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук желісінде қаралымы 1938, оң пікір 203 болды.