«Жемқорлыққа жол жоқ» онлайн кездесу
Дата: 10.06.2020 | |
Просмотры: 122 | Печать страницы |

Маусым айының 9-шы жұлдызында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет, архивтер және құжаттам басқармасының бас маманы, Талдықорған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының бақылау комиссиясының мүшесі, заңгер Жақыпбек Айдос Молдашұлымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында онлайн дәріс ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру. Кездесу барысында оқырмандар тарапынан 59 сұрақтар қойылып, 127 оң пікірлер, 1321 қаралым болды.