Жангелді Немеребаевпен кездесу кеші
Дата: 29.08.2019 | |
Просмотры: 251 | Печать страницы |

15 тамыз күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында Жетісулық танымал ақын, «Қар гүлдері, «Ақ қайнар сезім» атты жыр жинақтарының авторы, облыстық, қалалық жыр мүшәйраларының жүлдергері Жангелді Немеребаевпен кездесу кеші өтті.
Шараға ақын Ж.Немеребаев, Өтенай ауылдық мәдениет үйінің директоры Б.Қ. Түстікбаев және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында поэзия сүйер қауым ақынның өмір жолы мен творчествосымен кеңінен танысып, оның өлеңдерін оқыды. Соныменқатар ақынға:
- Поэзияға кандай жолмен келдіңіз?,
- «Поэзия-сезім» деген пікірге көз қарасыңыз,
- Қазіргі жастарға көңіліңіз толама,
- Сіздің «Жан сері» деген жанама атыңызды кім қойды?,
- Поэзия жолындағы ұстазыңыз кім болы?, деген сияқты бірқатар сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Шара соңында ақын өзінің бірқатар өлеңдерін оқып берді