«Абай мұрасы мәңгілік» атты онлайн дәріс
Дата: 14.05.2020 | |
Просмотры: 194 | Печать страницы |

Мамыр айының 5-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі фейзбук желісінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Қожағұловпен «Абай мұрасы мәңгілік» атты онлайн дәріс ұйымдастырды.Дәріс барысында: Абай шығармаларының тәрбиелік мәні неде?, Абай шығармалары қанша тілге аударылған?, Абай мұрасын кімдер зерттеді? Абай туралы қандай қызықты оқиғаларды білесіз? және тағы басқа сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау. Онлайн дәріс барысында оқырмандар тарапынан 27 сұрақ қойылып, 215 оң пікірлер жазылып, 655 қаралым болды.