Ардагер ұстаздың – өмір өрнегі
Дата: 30.06.2021 | |
Просмотры: 1196 | Печать страницы |

2021 жылы 29 маусым күні Талдықорған қалалық Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Ардагер ұстаздың – өмір өрнегі» атты тақырыбында зейнеткер ұстаз Егінбайқызы Жұмағыз Байтаевамен онлайн кездесу кеші ұйымдастырылып өтті. Ол кісі өзінің балалық шағы, ұстаздық жолы жайлы және оқырмандарға әр адам өз мамандығын мақтаныш ету керек деген ойын білдірді. Кітап оқып рухани бай болайық дей отыра, жастарды және жасөспірімдерді кітап оқуға шақырды. Кездесу өту барысында әлеуметтік желі оқырмандарынан көптеген сұрақтар келіп түсіп, қанағаттанарлық жауаптар алынды.
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/230545195574637/