Кездесу кеші
Дата: 16.07.2019 | |
Просмотры: 281 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, қаңтар айының 15-ші жұлдызында Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті Г.Шестаков атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі ақын Айман Кәріпбаевамен кездесу кеші өткізілді. Кешке № 2 мектептің 6 а сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Айман Кәріпбаеваның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдерін насихаттау арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Кеш барысында Н.Шернияз оқушыларға ақынның ең алғашқы өлеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі шығармашылығына көз жүгіртіп, ақын өмірінен бір үзік сыр шертті. Оқушылар бірінен соң бірі ортаға шығып, ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып, Айман апайларына өз ойларындағы сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу соңында кітапхана меңгерушісі Ильнур Басимқызы сырлы сөз иесіне кітапхана ұжымы және оқырмандар атынан алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.