"Жырлайық Ұлы Жеңісті" жазба ақындар байқауы
Дата: 31.01.2025 | |
Просмотры: 18 | Печать страницы |

2025 жылдың 29 қаңтар күні күні қалалық орталық кітапханасында «Жырлайық Ұлы Жеңісті»Байқаудың мақсаты: қалалық орталық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділ Алинов қатысушыларға сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегін алған кітапхана директоры Күлпан Сейтжанова Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, жас ұрпаққа Ұлы жеңісті дәріптеудімақсат еткен байқаудың маңыздылығына тоқталды.Байқауға ақын Азамат Нұрмұхан, ақын, Егемен Қазақстан газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділ Алинов қазылық етті. Сонымен қатар, шараға мектеп оқушылары мен кітапханашылар қатысты. Жыр байқауында 16 үміткер бақ сынап, Ұлы Жеңіске арналған өздерініңарнау өлеңдерін оқыды. Байқау нәтижесінде жүлделі 1 орынды «Балалар өнер мектебінің» айтыс сыныбы бойынша 5 сынып оқушысы Жұмағазы Жайық еншілесе, 2 орын №28 ІТ мектеп лицейі 9 сынып оқушысы Серікбай Толағай мен Еркін ауылдық №11 мектептің 10 сынып оқушысы Тұрсынғали Айзереге бұйырды. 3 орынды С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабекова Айдана, №30 орта мектеп 7 сынып оқушысы Рахымбай Абдурахман, «Астана халықаралық университетінің 1 курс студенті Қабден Ақбота иеленіп, дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Қатысқан барлық қатысушылар ынталандыру сыйлығы және алғыс хаттармен марапатталды. Аталмыш додада қаламыздың 15-30 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жастар қатысты. Шара соңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қазақстан: бәріде Жеңіс үшін, бәріде майдан үшін» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға барлығы 67 адам қатысты.