"Тез оқып үйренеміз"
Дата: 19.04.2022 | |
Просмотры: 212 | Печать страницы |

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңа жылдық үндеуінде 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осы орайда Өтенай ауылдық #5 кітапхана филиалында "Тез оқып үйренеміз" атты қалалық шапшаңдыққа оқу сайысы #21 мектептің 2 сынып оқушылары арасында өтті.
"Тез оқып үйренеміз" байқауының мақсаты: балалардың жылдам оқуын, мұқиятты болып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Олардың тіл байлығын, сөздік қорларын молайту.
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын - Бақытжанқызы Еркеназ
2 орын - Қанатқан Мерей
3 орын - Сатылмас Әмина дипломдармен, қалған қатысушылар "Алғыс хаттармен" марапатталды.