"Мақал сөздің мәйегі"
Дата: 11.04.2022 | |
Просмотры: 80 | Печать страницы |

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айта келе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
Осы орайда сәуір айының 11 күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы М.В Ломоносов атындағы №5 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары арасында «Мақал - сөздің мәйегі» атты мақал-мәтел сайысын ұйымдастырды.Сайысқа 11 оқушы қатысып,Қалиасқарова Малика үздік нәтиже көрсетті.
Мақсаты: оқырмандарды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1181469365947988&id=100022548073225