Кім жүйрік - кім жылдам
Дата: 18.11.2021 | |
Просмотры: 59 | Печать страницы |
Еңбек ауылдық кітапханасы 2021 жылдың қараша айының 16 жұлдызында #22 мектептің 3 сынып оқушылары арасында "Бір ел-бір кітап " акциясы аясында таңдалған балалар жазушысы Т.Әдірайымның "Алабұға аулаған күн" кітабынан "Кім жүйрік - кім жылдам" атты жылдамдыққа оқу жарысын өткізді. Жарысқа 15 бала қатысты. Бірінщі орынды Серік Сезім, 2 орынды Төлеубек Аяжан, 3 орынды Есентай Зере иеленді. Мақсаты: оқушылардың оқу шапшаңдық дағдыларын қалыптастыра отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету, оқырмандық қызығушылығы мен сауаттылығын дамытып, оқырмандық мәдениетке баулу.