Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кітаппен дос болайық"

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 48
Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 12 маусым күні жоспар бойынша оқушылардың кітапханадағы бір күн "Кітаппен дос болайық" атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға Еңбек ауылдық №22 орта мектептің "Күншуак" жазғы лагерінің 1 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты.

Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ!

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
2024 жылдың 12 маусымында қалалық орталық балалар кітапханасында «Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ» (12 маусым-балалар еңбегін қорғау күні) атты сұрақ жауап көрмесін №2 мектептің күндізгі лагеріне келетін оқушылар арасында ұйымдастырды. Мақсаты: Балаларға қатысты еңбек ауыр түрлерінің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау. - Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру. Заң сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.

«Кітапханаға кітап сыйла»

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 26
2024 жылдың 12 маусым күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Мақсаты: Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Осы шараға орай кітапхананың тұрақты оқырманы Жұпар Манкишева өз жеке кітапханасынан, әдеби мағынасы бар кітаптарды тарту етті.

«Әкемнен артық досым жоқ» тақырыбында сурет көрмесі

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 48
2024 жылдың 12 маусым күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында күндізгі лагерь оқушыларымен 21 маусым-Халықаралық әкелер күніне орай Әкеге деген құрмет, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты нығайту мақсатында «Әкемнен артық досым жоқ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Онда балалар сурет салу арқылы әкелеріне деген сүйспеншіліктерін танытты.

«Әке отбасы тірегі»

Дата: 12.06.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
2024 жылы маусым айының 12-ші күні №6 кітапхана филиалында «Әке отбасы тірегі» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мінін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ