Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар

Дата: 13.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 10
2025 жылғы 13 наурыз күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарымен «Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар» атты библиографиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға каталогтың мазмұнын түсіндіріп, оның жүйесімен таныстыру. Кітапханашылардың жұмысына шолу жасап, оқырмандарды кітапханаға баулу.

"Қазақ өнерінің асқар биігі" өнер сағаты

Дата: 13.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 9
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2025 жылдың 13 наурызында кітапхана оқырмандары арасында «Қазақ өнерінің асқар биігі» атты өнер сағаты өтті. Мақсаты: Қазақ киносының дара тұлғаларының бірі – Құман Тастанбековтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Жастарға ұлттық мәдениет пен өнердің маңыздылығын түсіндіру.

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 13.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 11
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының оқырманы Гакесеев Жасын 13 наурыз күні түрлі жанрда бірнеше кітаптарды сыйға тартты.

Жеңіске жетелеген Жамбыл жыры

Дата: 12.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 8
2025 жылғы 12 наурыз күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 7 «В» сынып оқушыларымен «Жеңіске жетелеген Жамбыл жыры!» атты әдеби кеш өтті. Шараға 30 оқушы қатысты. Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

"Еңбек адамы - елдің тірегі" атты кітап көрмесі

Дата: 12.03.2025 Категория: Новости Просмотры: 2
Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен аудан, қала кітапханаларынан бастау алған көш керуен 2025 жылы 12 наурызда Еңбек ауылдық кітапханасында жалғасты. «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапхана меңгерушісі Нұрсағатова Амина Сабитқызы библиографиялық шолу өткізді. Көш керуенге еліміздің ынтымағы мен берекесі үшін тер төгіп, ауылдың өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек еткен ардагерлер, шебер жұмысшы маман иелері, ауыл мақтаныштары Медетбеков Амантай Қабдылұлы, Еңбек ауылдық «Ақ дариға әжелер» ансамблінің әжелері, Ардагер ұстаз, «Білім беру ісінің үздігі» Дәулетхан Тастанбеков, №22 орта мектептің кітапханашысы Искакова Әния, Еңбек ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараны «Талдық...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ