Домбыра - Дастан
Дата: 04.07.2024
Категория: Новости
Просмотры: 35
2024 жылдың 4 шілде күні № 8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра - Дастан» атты дөңгелек үстелі көпшілік оқырмандар арасында өткізілді. Мақсаты: Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын арттыру.