Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Бейбіт атом - Қазақстан болашағы үшін» атты конференция

Дата: 12.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 47
2024 жылы 12 қыркүйекте «Талықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана қызметкерлері арасында «Бейбіт атом - Қазақстан болашағы үшін» аттыконференция өтті. Кітапхана директоры К.Сейтжанова Қазақстанда АЭС-тің атом энергетикасын дамыту мүмкіндігінің қарастырылып жатқандығын, осыған орай 6 қазанда өтетін референдумда Қазақстан халқы өзінің шешімін қабылдап дауыс беретіндігін айтып, АЭС салу өте киын да жауапты іс екендігіне тоқталды. Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалының меңгерушісі Ж.Жакибаева энергетиктер мен ғалымдардың айтуынша АЭС салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген ойын білдірсе, Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалының меңгерушісі А. Нұрсағатова АЭС -тің салынуы болашақта электр энергиясының тапшылығын жойып, оны экспорттаудың арқасында ел экономикасының дамып, жұмыс орындары көбейетінін айтып өтті. Қалалық № 2 кітапхана филиалының меңгерушісі М.Сапбе...

"Бала тәрбиесі - бесіктен" отбасылық кітап көрмесіне шолу

Дата: 12.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 28
2024 жылдың 12 қырқүйек күні қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 12 қырқүйек – отбасы күніне орай "Бала тәрбиесі - бесіктен" атты отбасылық кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Мақсаты:Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяғадеген қызығушылығын арттыру.Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа,үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу..

«Татулығы жарасқан отбасы» тәрбие сағаты

Дата: 12.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
2024 жылы 12 қыркүйек күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Татулығы жарасқан отбасы» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелер арасындағы бауырмалдық достық, қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

«Коворкинг» орталығы

Дата: 12.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2024 жылдың 12 қыркүйек күні «Коворкинг» орталығында балалар бос уақыттарын тиімді өткізеді. Мақсаты: Оқушылардың шашки ойынына деген қызуғушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік – жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиетті тәрбиелеу.

«Скраббл» әріптерден сөз құрау

Дата: 10.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 40
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 10 қыркүйек күні «Скраббл» әріптерден сөз құрау № 22 орта мектептің 2 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Әріптерден сөз құрастыру, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ