Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі

Дата: 18.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 42
Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында 18 қыркүйек күні мектеп оқушыларының қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Оқушыларды білім алушылардың тіл туралы білімдерін ұштастыра отырып ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып сөз еркіндігіне баулу.

«Өркендеу жолындағы өзгерістер» атты ақпарат сағаты

Дата: 17.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 45
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Өркендеу жолындағы өзгерістер» атты ақпарат сағаты Өтенай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен өтті.

«Жанашырлыққа - жан риза» атты кітап көрмесі.

Дата: 17.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 44
2024 жылдың 17 қыркүйегінде №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы «Жанашырлыққа - жан риза» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі Нұрғамила Жексембаевамен өткізді. Мақсаты: аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, қайырымдылық, мейірімділік таныту. https://www.instagram.com/p/DAAsGG5CGyx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Шахмат-ой өсіреді» шахмат ойыны

Дата: 17.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 42
2024 жылдың 17 қыркүйек күні «Шахмат-ой өсіреді» шахмат ойыны қалалық орталық кітапханасының «Алау» коворкинг орталығында №12 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары арасында өтті . Оқушылар шахмат ойнаудан бір бірімен шебер ойнау әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Мақсаты: кітапхана оқырмандарының есте сақтау, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шахмат туралы білімдерін кеңейту, бос уақыттарын мәдени өткізуді ұйымдастыру. Шараға 16 оқушы қатысты. Тіл және көркем әдебиетті насихаттау

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Дата: 17.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 43
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні қалалық орталық кітапханасына кітап мәртебесін көтеру, кітап қорын толықтыру, кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында қаламыздың тұрғыны А.Ю. Кречетов Қазақ классиктарының орыс тілінде жазылған С.Мұқановтың «Школа жизни» 3 томдық шығармасы, І.Есенберлиннің «Золотая Орда» мен «Кочевники» трилогиясы,орыс классиктарынан Л.Толстойдың «Анна Каренина» романы, В.Гогольдың «Мертвые души», А.Пушкиннің «Сказки», шетел әдебиетінен: А.Дюманың «Граф Монте-Кристо», В.Гауфманның «Сказки» ,Х.К.Андерсен « Сказки и истории» т.б.әдеби шығармалары мен ғылыми танымдық кітаптарды сыйға тартты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ