Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Ұлы Жеңіс жасасын!» ақпарат сағаты

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 20
2025 жылғы 6 мамыр күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты ақпарат сағаты мектеп оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Отан үшін күрескен батырларымызды еске алу және олардың ерліктерін жастарға жетізу, Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру, Елін, жерін, Отанын қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу. https://www.instagram.com/reel/DJT0HbyI7rx/?

«Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс!» атты тарихи сағат.

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 18
2025 жылғы 6 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс!» атты тарихи сағаты мектеп оқушылары арасында өткізіліп, «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған азаматтарымызды, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

"Жеңіс рухы- мәңгілік мұра"атты тарихи сағат

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 15
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 6 мамыр күні "Жеңіс рухы- мәңгілік мұра"атты тарихи сағат мектеп оқушыларымен өтті. Мақсаты:«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Ер есімі – ел есінде» мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 17
2025 жылғы 6 мамырында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай № 11 мектеп оқушыларының қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шарада Ұлы Отан соғысында қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігі туралы мәліметтер берілді, оқушылар Жеңіс туралы тақпақтар оқып, жүлделі орын алған балалар марапатталды. Мақсаты; Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында балалардың бойына патриоттық сезімін ұялату, оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, құрметтеуге, мақтан тутұға тәрбиелеу. Шараға 30 бала қатысты. https://www.instagram.com/reel/DJTuK2qRuGC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.facebook.com/share/v/1Hmd5eyqza/

"Мәңгілік алау - мәңгілік даңқ" тарихи сағат

Дата: 06.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 12
2025 жылғы 6 мамыр күні қалалық орталық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Мәңгілік алау - мәңгілік даңқ» атты тарихи-әдеби сағаты ұйымдастырылды. Шараға «Ардагерлер" хоры мен «Ұлттық ұлан» 5514 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Шараны аға сарбаз, аға пулеметші Жайлхан Руслан соғысқа арналған әндерден попуримен ашты. Шара барысында «Тарих.Тағзым.Тағылым » атты тақырыпта соғыс ардагерлері туралы естеліктер айтылып, деректі бейнеролик көрсетілді. «Қаламмен жазылған ерлік» эмодзия букке сарбаздар белсене қатысып, тапқырлықтарын көрсете білді.Келесі кезекте «Ардагерлер» хорының жетекшісі Наталья Дошкова сөз алып, оқырман қауымды Ұлы жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Аталмыш шара «Ардагерлер» халық хорының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мақсаты: 80 жылдық – бұл тарихи оқиғаны бізге мұра болып қалған Жеңіс – батыр бабаларымыздың ерлікті еске алу, сонымен қатар бейбітшілі...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ