Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Ата заң - мәңгілік елдің берік тұғыры

Дата: 27.08.2024 Категория: Новости Просмотры: 41
2024 жылдың 27 тамызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Ата заң - мәңгілік елдің берік тұғыры» атты ақпарат сағаты көпшілік оқырмандар арасында өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу. https://www.instagram.com/p/C_Kiw-Mi8v9/?igsh=MWd3NmhjcW5weGI0cQ==

«Ата Заңым - айбыным»

Дата: 27.08.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Ата Заңым - айбыным» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарды дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді, өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тарихтың қасіретті парақтары

Дата: 27.08.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
«29 тамыз - Халықарлық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне» орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 27 тамыз күні «Тарихтың қасіретті парақтары» атты кітап көрмесі қойылып оған библиографиялық шолу жасалды. Шолу барысында оқырмандарға Семей сынақ айлағы 1994 жылы 29 тамызда жабылғандығын, Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздану жолындағы нақты істері 1994 жылдан бастау алағандығын, еліміз халықарлық деңгейде барлық ядролық қаруға қарсы екенін, оларды ешқашан бірінші болып қолданбайтынын, елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға ниетіміз зор екендігі айтылды. Оқырмандар қордағы кітаптармен танысты. Көрмеге 12 оқушы қамтылды. Көрменің мақсаты: оқырмандарды Семей ядролық полигоны туралы кітапхананың кітап қорымен таныстыру. Көрмеге қойылған кітаптар: М.Сәрсекеев Семей қасіреті, Байғабылұлы Е Ядрорлық зұлмат, Досжан С. Қасірет пен тағдыр, Мұқанова Р Шығармалары 1-том, Менің елім-Қазақстан. Балаларға арналған энциклопедиясы, Сүлейменов...

Ата заң - мәңгілік елдің берік тұғыры!

Дата: 26.08.2024 Категория: Новости Просмотры: 35
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 2024 жылғы 26 тамызда 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында «Ата заң - мәңгілік елдің берік тұғыры!» деген тақырыпта мектеп оқушыларының қатысуымен ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту, Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу. https://www.instagram.com/p/C_IVHvXCdx-/?igsh=dGptOGtnbHR0Ymgw

Ата заң – елдігімнің еңсесі

Дата: 23.08.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 2024 жылдың тамыз айының 23-де қалалық № 2 кітапхана филиалы тұрақты оқырмандарымен «Ата заң – елдігімнің еңсесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Ата Заңныңбағасын білу, оқырмандарды еліміздің басты құжатын құрметтеуге және ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру. Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ