Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Ағынды менің Ақсуым

Дата: 28.08.2019 Категория: Новости Просмотры: 331
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде мамыр айының 18-ші жұлдызында № 2 мектептің 6 «а» мен 7 «б» сынып оқушыларымен «Ақындар шоғырындағы Гималай» атанған ұлы ақынымыз, дүлдүл жырдың жүйрік тұлпары, көсем сөздің сұңқары ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ағынды менің Ақсуым» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау. Ақынның шығармашылығына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, поэзияны сүюге баулу.Аталмыш кешке мектеп оқушылары, мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлері қатысты.Шараға 100-ге жуық адам қатысты. Кітапханашы Ф.Жакупова Ілиястың лирикалық шығармаларына арналған баяндама жасаса, оқушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып іс-шараның көркін қыздыра түсті. Республикалық «Ілияс оқулары» байқауының жүлдегері №2...

Жазықсыз құрбандар

Дата: 28.08.2019 Категория: Новости Просмотры: 224
29 – мамыр күні №8 кітапхана филиалында ( Учхоз ЗВТ) көпшілік оқырман қауымы және жастар арасында, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін күніне орай «Жазықсыз құрбандар» атты еске алу кеші өтті. Мақсаты:Жастардың және жасөспірімдердің ойындаелжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.Біз өскелең ұрпақ, зұламат құрбандарын еске алып қана қоймай, олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл мұраларын зерттеп, жарыққа шығаруға тиіспіз.Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Алаштың бір туар ұлы

Дата: 28.08.2019 Категория: Новости Просмотры: 262
2019 жылдың 21 тамызында Учхоз ЗВТ №8 кітапхана филиалында Сұлтанбек Қожановтың туғанына – 125 жыл толуына орай « Алаштың бір туар ұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Оқырмандарға Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз,ғалым, публицист Қожанов Сұлтанбек жайлы мағлұмат беріп, өмірбаянымен таныстыру.Сонымен қатар кітап көрмесіне « Жетісулық алаш зиялылары», « Алаш арқауы», «Алаш әдебиеттануы», «Войско Алаш», «Жетісу жерінде» тәрізді кітаптар қойылды. Кітапхана меңгерушісі А. Қадырова кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Шараға 10 адам қатысты.

Балғындардың бал күлкісін мұң шалмасын

Дата: 28.08.2019 Категория: Новости Просмотры: 195
1 маусым – Халықаралық баларды қорғау күнінің де өзіндік тарихы, мән – мағынасы бар. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгрессінде «Балалар бақыты мен денсаулығы үшін барынша күресуге тиіспіз» деген жалынды сөздер айтылған. Соның дәлелі ретінде конгресстен кейін 1950 жылдан бастап жаздың алғашқы күні балалардың құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғау күні болып жарияланып, БҰҰ шешімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде негізделген.Осы мереке қарсаңында 3- ші бөлімше №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2019 жылы 31 мамыр күні мектеп оқушылары мен бүлдіршіндердің арасында «Балғын балалар – біздің болашағымыз» деген тақырыпта асфальтқа сурет салудан жарыс өтті. Мақсаты: Балаларға шын көңілден мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, балаларға мерекелік іс- шара ұйымдастыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен көрсету, мерекеге жақсы көңіл-күй керек екенін балаларға ұғындыру, балалардың жеке...

Болашаққа нық қадам

Дата: 28.08.2019 Категория: Новости Просмотры: 183
2019 жылдың 23 тамызында Учхоз ЗВТ №8 кітапхана филиалында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Болашаққа нық қадам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Оқушыларды өз республикасын танып- білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балаларды білімді, жан – жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Оқушыларды алға жаңа мақсат қоя білуге, салауатты өмір салтын ұстауға, өмірге заманауи тұрғыдағы көзқараспен қарауға баулу. Ұлттың бүгіні мен ертеңі белсенді жастардың қолында екені туралы айтып, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алатынын ұғындыру.Кітап көрмесіне:«Ақ желкен»жорналы, «Талдықорған»газеті, «Дәстүр»жорналы, Уәлихан Қалижановтың «Қазақ әдебиеті және рухани жаңғыру», Тоқ...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ