Каникулы
Дата: 01.06.2019
Категория: Новости
Просмотры: 214
Орталық қалалық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі жазғы демалыста маусым айында, қала мектептерінің күндізгі лагерлерімен тығыз байланыста болып, экскурсияға келген оқушыларды кітап әлемімен таныстырды. Кітаптың түрлері, құрылымы, ерекшеліктері және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен бірге «Ертегіші» клубының дайындаған қойылымдарын көрсетті. «Балық пен түлкі», «Жылауық қыз», «Қасқыр мен Лақ» және «Волшебная сметана», «Огородники», «Капризка» қойылымдары балалардың көңілінен шығып қана қоймастан, оларды еңбексүйгіштікке, достыққа, адалдыққа, жақсы мінез қалыптапстыруға тәрбиелейді. Кітапханаға саяхаттың жалғасында оқушылармен әртүрлі сайыстар, сөзжұмбақтар ұйымдастырылды. Кітапханадағы жылдамдыққа, білмділікке, шеберлілікке үйрететін «Тоғыз құмалақ», «Монополия», «Хоккей», «Футбол» және...