Тіршілік негізі - салауатты болашақ
Дата: 29.08.2019
Категория: Новости
Просмотры: 259
9тамыз күні №8 кітапхана филиалында ( Учхоз ЗВТ) №27 орта мектеп гимназиясының 6 сынып оқушылары арасында «Тіршілік негізі - салауатты болашақ» атты ашық тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Өзін – өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Шараға 10 адам қатысты.