Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кел, оқиық бүлдіршін"

Дата: 23.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 245
Қазан айының 22-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының қызметкерлері мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе отырып Талдықорған қаласының «Қарлығаш» бала-бақшасының бүлдіршіндерін балалар әдебиеттерімен таныстырып, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына ықпал ету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Бүлдіршіндерге арналған 3D кітаптар насихатталып, кішкене оқырмандарымыздың назарына ұсынылды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері «Қуыршақ» театрының «Жылауық қыз», «Түлкі мен балық», «Теремок» атты қойылымдарын көрсетіп, бүлдіршіндерге ғажайып көңіл-күй сыйлап қайтты. Қатысқан адам саны 30.

"бабалалар аманаты ұрпақ борышы"

Дата: 23.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 274
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 8-ші жұлдызында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында № 2 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр Балпық би тұлғаның туғанына 325 жыл толуына орай «Бабалар аманаты ұрпақ борышы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлағатты адамның өмірімен таныстыру, азаматтық тұлғасын таныта отырып, ұлттық рухқа тәрбиелеу. Сонымен қатар қазақтың біртуар тұлғасын көпшілік қауымға насихаттау, оның мәңгі өшпес ізін рухани жаңғырту. Шара барысында кітапханашы Г.Майлянова аталмыш шараға байланысты мағлұмат беріп, оқушылар Балпық би жайлы жырларын оқып, шешендік сөздерін жатқа айтып берді. Шараға 50 адам қатысты.

"Қазақ әдебиетінің ақсұңқары"

Дата: 23.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 225
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айынының 10-шы жұлдызында №2 мектептің 8-сынып оқушыларымен Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Қаламгердің шығармашылық өмірбаяны, ақындық қыры туралы жан-жақты білім беру. Ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, ой-пікірін дәлелдей алатын қабілеттерін шыңдау арқылы отаншылдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Аталмыш кеште кітапханашы Ф.Жакупова Сәкеннің ақындық өнеріне және мемлекет қайраткерінің еңбек жолындағы жетістіктері мен қазақ әдебиетінің негізін салудағы орасан зор еңбектеріне шолу жасап өтті. Сонымен қатар оқушылар Сәкен өлеңдерін және оған арнап жазылған толға...

"Рухани жаңғыру-кітапханадан басталады" библио ночь

Дата: 17.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 141
16 октября 2019 года была проведена библиотечная ночь. Подобные мероприятия являются креативной формой пропаганды библиотеки и чтения, их посещают с интересом и благодарностью люди разных возрастов, профессий, социального статуса.Участие в подготовке и проведении интерактивных форм развивает творческую активность, инициативность, профессиональную фантазию специалистов библиотек и помогает в работе с читателями.Библиотека создана для того, чтобы повышать культурный уровень, служить самообразованию и совершенствованию. Библиотека должна не только представлять, но и рекомендовать, направлять в правильное русло, в том числе и организацию интеллектуального досуга.

Әдеби тығылмақ

Дата: 17.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 237
2019 жылдың 17 қазан күні қалалық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Бердібек Соқпақбаевтің 95жылдығына арналған «Менің атым Қожа» атты повесіне әдеби тығылмақ ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтің шығармаларымен таныстыру, шығармалары арқылы балаларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, үлкенді құрметтеп, кішіні аялайтын кішіпейілдікке және адал достыққа тәрбиелеу.Ойын арқылы балалардың ескі кітаптарға қызығушылығын ояту. Шарада кітапханашы Ускенбаева Д. ұмыт бола бастаған Бердібек Соқпақпаевтің «Менің атым Қожа» кітабін қағазбен әдемілеп қаптап,оқырманға кітаптің ішін,мазмұнын көрсетпей үйге алып оқуға ұсынды. Кітапті оқып болған оқырмандар мазмұнын айтып берді. Қожаның жақсы қасиеттерін атап өтіп , үлгі алатынындарын айтты. «Әдеби тығылмақ» кітап ойыны оқырмандардың жақсы көретін жәнеұмытылған кітаптарға деген қызығушылығын жандандыруға көмектеседі деп сенеміз.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ