Нашақорлық дерт
Дата: 06.11.2019
Категория: Новости
Просмотры: 295
2019 жылдың 5 қараша күні №8 кітапхана филиалында (Учхоз ЗВТ) көпшілік және мектеп оқушылары арасында «Нашақорлық дерт» атты сұрақ-жауап кеші өтті. Мақсаты: Оқырмандарғанашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Кітапханашы А. Қадырова есірткі, анаша – ғасыр тажалы екенін, онымен қазір бүкіл әлем болып күресіп жатқанын. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екенін. Есірткі – бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты деп тоқтап өтті. Есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады, осыны естен шығармау керек. Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмауымыз керек. Кешке қатысқан №27 орта мектеп-ги...