Айналайын,абайла!
Дата: 15.11.2019
Категория: Новости
Просмотры: 210
Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету. Бағдаршаммен және оның қызметі, жол белгілері жайында танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларды мейрімділікке, бауырмалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында 15-ші қарашада қалалық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Айналайын, абайла» атты сұрақ жауап кітап көрме ұйымастырылды. Кітапханашы Ускенбаева Динара оқушыларға жолда дұрыс жүре білу – адам денсаулығының, өмірінің, қауіпсіздігінің кепілі екенін түсіндіріп, оқушыларға кітап көрмесінде тұрған кітапшалардан әңгіме мен өлеңдерді оқып,көрмедегі тапсырманы орындауға болатынын айтып өтті. Бұл ойын балаларға қатты ұнап, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарға жауаптарын тапты.инстоляция кітап көрмесі кітаптар, жол жүру ережесі, жол белгілері, бағдаршам туралы түрлі суреттер, нақыл сөздер,сұрақтармен көрнектелді.Шара соңында оқушылар көше мен жол тәртібін жақсы біліп, ережені бұлжытпай орындауға уәде берді.
Шараға :17...