"Елі сүйген ЕЛБАСЫ"
Дата: 29.11.2019
Категория: Новости
Просмотры: 212
2019 жылдың 29 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында 1 желтоқсан Президент күніне орай Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасыныңтұңғыш президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Елін сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Көрмеге: Елбасының 1990 жылдан-2003 жылға дейінгі қызметтік хроникасы, «Елбасы сыныптастары», «Кемеңгер», «Бітімгер», «Ақыл парасат кітабы», «Ұлы дала перзенті», «Наш Назарбаев», «Тұлға» атты кітаптары қойылды.