"Өлең, мен сені әлдилеп өтем..."
Дата: 25.12.2019
Категория: Новости
Просмотры: 262
2019 жылдың 25 желтоқсан күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорған қаласының «Білім» және Талдықорған қаласының Сервис және Технология колледжінің білімгерлерінің қатысуымен қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты, асау арын, дара дарын, тума талант иесі Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Өлең, мен сені әлдилеп өтем..» атты поэзия кеші өткізілді. Кешке құрметті қонақ ретінде «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Шара Бүркеқызы қатысып, «Жақсы көру», «Фариза» әндерін тарту етті. Білімгерлерде қалыс қалмай Фариза апайымыздың керемет өлең жолдарын оқып, домбырамен өлең айтып, келген қонақтарды тамсандыр...