Жаса, жайна - Талдықорған
Дата: 14.01.2020
Категория: Новости
Просмотры: 257
2020 жылдың 14 қаңтар күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында «
Жаса, жайна – Талдықорған!» атты өлкетану сағаты жастар арасында өткізілді. Мақсаты: Жастарды туған жері, әсем қаласы Талдықорғанның географиялық орнымен, Жетісудың кіндігі атанған қаламыздың тарихымен таныстыру, оларды шығармашылық зерттеу жұмыстарына баулу, тіл байлықтарын дамыту, жастарды туған жерін, елін суюге, табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Шара барысында қаламыздың көрікті жерлері, мәдени орындары, демалыс орындары, ұлы тұлғаларға орнатылған ескерткіштер, ашылған сарайлар, оқу мекемелері, жаңарған «Қаратал» шағын ауданы бары жайлы айтылып өтті. Қатысушылар өз туған жері туралы баяндап, осы елдің болашағына өз үлесімізді қосамыз деген ойларымен бөлісті.