Саз әлемінің саңлағы
Дата: 06.02.2020
Категория: Новости
Просмотры: 158
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 25 қаңтар күні көрнекті композитор Н.Тілендиевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Саз әлемінің саңлағы» атты дивертисмент кеші өтті. Шараға №21 мектептің оқушылары, қатысты. Шараның мақсаты: Қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор, дирижер, домбырашы - Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мәлімет беру. Сонымен қатар оқырмандардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту, әннің интонациясын дұрыс ести білу, музыкалық, ойлау қабілеттерін дамыту. Әнді айту, күй тыңдау арқылы жас ұрпақты патриоттыққа, еңбекқорлыққа, Адамгершілікке өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандар әйгілі композитор Н. Тілендиевтің өмірбаянымен, шығармашылығымен кең көлемде танысты. Күйші домбырашының «Ата толғауы», «Аққу» т.б. шығрмашылығын тыңдау арқылы оқушылар музыка әлемінің керемтіне тәнті болды. Музыкаға деген, қасиетті қара домбыраның үніне деген түсінік қабілеттері арта түсті.
-К...