Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Абай мұрасы - халық мұрасы" әдеби лото

Дата: 14.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 344
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалы 2020 жылдың 12 жұлдызында №22 мектептің 9 сынып оқушылары арасында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби лото өткізді. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Шарада Абайдың өмірі ен шығармашылығынан мәлімет берілді. Абайдың тақпақтары мен қара сөздері оқылды. Абайдың өмірі мен шығарпмашылығына арналған сұрақтарға жауаптар берілді. Шара Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін хормен айтумен аяқталды.

"Абай дана, Абай дара қазақта" әдеби кеш

Дата: 14.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 221
Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Осы орайда қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 13-ші жұлдызында №2 мектептің 7а-7ә сынып оқушыларымен Абай Кұнанбайұлының 175 жылдығына орай « Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби – сазды кеш өтті.Шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру , елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуды еліміздің жас буын санасына енгізу. Абай шығармашылығын жасөспірімдердің жүрегіне терең бойлатып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау. Аталмыш кеште кітапханашы Г.Майлянова Абай өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқыса,оқушылар ұлы ақынның терең ұғымды өлеңдері мен әндерін орындады. Кеш қонағы әжелер ансамлінің мүшесі, әнші Шара Бөркеқызы Абайдың аудармаларынан үзінді оқып, «Сегіз аяқ» әнін орындады. Шараға байланысты «Аба...

Ауған соғысы - қасірет соғысы

Дата: 13.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 177
Биыл КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Осыған орай 2020 жылыдың 13 ақпан күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында «Ауған соғысы – қасірет соғысы» атты еске алу кеші, көпшілік оқырман арасында өтті. Шараға ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында: Ауған соғысында қайтыс болған боздақтардың рухы 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Сондай- ақ, кітапхана меңгерушісі А.Қадырова Отан үшін жанын берген қаһармандардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгі өшпейтін алтын әріптермен жазылғаны, олардың ерен ерліктері еш уақытта ұмытылмайтыны туралы, Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері дей келе, жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады деп тоқталып өтті. Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, көпшілікке түсіндіру. “Ауған соғысы&rd...

Әлемнің екінші ұстазы

Дата: 13.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 158
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 13 ақпан күні кітапхана оқырмандары арасында «Данышпандықтың інжу-маржаны» атты танымдық сағат «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу- Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына орай өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туралы білімдерін толықтыру, әр түрлі салада өз ізін қалдырған ірі тұлға ретінде таныстыру. Шара барысында ғұламаның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өттік. Ол өз заманындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмнің ең ірі өкілі екендігі, шығармашылық мұрасы 150 ге жуық философиялық және ғылыми трактаттардан тұратындығы, сонымен қатар айналысқан ғылымдары философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия болғандығына тоқталдық. Оның еңбектеріне библиографиялық шолу жасалды. Шараға 25 оқушы қатысты.

"Аққуды күймен тербеткен"

Дата: 12.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 245
2020 жылдың 12 ақпан күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың «Алау» коворкинг орталығында Талдықорған қаласының спорт-интернат мектеп оқушыларының қатысуымен қазақтың музыкалық мәдениетіне өшпес із қалдырған композитор, күйші, орындаушы, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жыл толуына орай «Аққуды күймен тербеткен» атты өнер сағаты өткізілді. Шарада бөлім меңгерушісі А.Егізтаева композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап, бейнероликтер көрсетті. Сондай-ақ, шараға «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы - Шара Бүркеқызы қатысып, Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады», «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңдерін шырқап, күйші жайлы қызықты деректермен бөлісті. Ал №14 мектептің оқушылары: Ахматуллина Аделя және Аудыжанова Аида «Ата толғауы» мен «Аққу» күйін көрермен назарына ұсынды. Шара оқушыларды ұлы композитордың өмірімен, өнеріме...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ