Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Шығыстың ғұлама ойшылы – Әбу Насыр әл-Фараби

Дата: 18.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 208
Биылғы мерейтой иесі, әлемге әйгілі ғалым, энциклопедист, ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 18 ақпан күні «Шығыстың ғұлама ойшылы-Әбу Насыр әл-Фараби» атты тарихи круиз өтті. Шара барысында кітапханашы К.Табылдинова тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, Батыс пен Шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолынан кең көлемде мағлұмат берді. Сондай-ақ, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбегінде көтерілген мәселелерге де тоқталып өтті. Сонмен қатар мектеп оқушылары әл-Фараби атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, осы шара аясында қойылған сұрақтарға тұжырымды жауап берді. Мақсаты: көрнекті ойшыл...

Жемқорлық-ғасыр індеті

Дата: 14.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 122
Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Осы орайда В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында 14 ақпан күні Талдықорған қаласының спорт интернат мектеп оқушыларының қатысуымен «Жемқорлық-ғасыр індеті» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету, сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

Табиғатты қорғау – болашақты ойлау

Дата: 14.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 217
Қалалық №2 кітапхана филиалы «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» деген тақырыпта 14 ақпан күні экологиялық сағат өкізді. Шара қаламыздағы № 25 мектептің 5ә сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Елімізде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Шара барысында оқушылар табиғат тамашаларына арнап жазылған өлең шумақтарын оқып, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер айтып шараның әсерлі де, тартымды өтуіне өз үлестерін қосты. Мақсаты: Жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын және табиғатты қорғай алатын, адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүіспеншіліктерін арттыру, туған өлкесінің табиғатын қорғай білуге, оған қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға баулу. Жасөспірімдерді мақал – мәтел, жұмбақ, нақыл сөздер, тақпақтар айтқызу арқылы Отанға, туған жерге, елге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Жаңа кітаптар

Дата: 14.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 349
Құрметті оқырман қауым! Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы кітапханаға келген Әбу Насыр әл-Фарабидің«Қайырымды қала», «Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік – этикалық трактаттар», «Музыка туралы үлкен кітап», «Ғылым туралы кітап», «Ой-сана туралы кітап», «Ұстаздың оралуы» атты шығармаларын оқуға шақырады.

Жемқорлық-ғасыр індеті

Дата: 14.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 174
Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Осы орайда В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында 14 ақпан күні Талдықорған қаласының спорт интернат мектеп оқушыларының қатысуымен «Жемқорлық-ғасыр індеті» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету, сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ