"Балалар энциклопедиясы"
Дата: 19.02.2020
Категория: Новости
Просмотры: 277
Оқушыларды анықтамалық кітаптармен таныстыру. Энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, оларға қызығушылық ояту, оларды қолдана білуге үйрету.Анықтамалық материалдарды ұсыну, сөздіктер мен энциклопедиялар, анықтамалықтарға сілтеме жасау, олармен жұмыс істеуге үйрету мақсатында орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпанның 17- ші жұлдызында № 2 мектептің 3 «б» сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстан балалар энциклопедиясы» атты библиографиялық сабақ ұйымдастырылды. Кітапханашы Л.С.Дайрабаева бүлдіршіндерге «Балалар энциклопедиясында» ғарыш, табиғат құбылыстары, жануарлар әлемі, тарихи оқиғалар, ұлы қайраткерлер, әйгілі шайқастар, шет мемлекеттер жайлы алуан түрлі қызықты ақпарат табуға болатынын түсіндірді.Сонымен сабақтың соңында оқушыларға кішігірім блиц-сауалнама ұсынылды.Балалар сұрақтарға тез жауап беріп, алған білімдерін жақсы игергендерін көрсетті.