Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Тіл тәуелсізідігі -мемелекет болашағы»

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 132
21 ақпан күні Өтенай ауылдық кітапхана филиалында 21 ақпан халықаралық тілдер күніне орай «Тіл тәуелсізідігі -мемелекет болашағы» атты сұрақ-жауап кеші өтті. Шараға №21 мектептің 8а сынып оқушылары сынып жетекшісі Бақыт Нұрболатқызымен бірге қатысты. Мақсаты: Оқушылардың өз еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтап, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына білім арқылы сіңіре білуге үйрету. Шара барсында оқушылармен Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы өнерді, білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды әр адам баласы тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде қазақ тілін халықтың барлық іс - әрекетінің, қарым - қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз-делінді. «Кім жылдам?» ойыны ойнатылу үстінде балаларға өз ана тілімізге, салт-дәстүрімізге, тарихымызға, әдебиетімізге қатысты бірнеше сұрақтар қойылды. Балалар мақал-мәтелде...

Ертегілер еліне саяхат"

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 187
2020 жылдың 21 ақпанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының «Алау» коворкинг орталығында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ертегілер әлеміне саяхат» атты мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Аталмыш шара балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Оқушыларды рухани, зерделік жағынан тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.

Алтын Орда – тұғырым

Дата: 20.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 226
2020 жылдың 20 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханада Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай «Алтын Орда – тұғырым» атты тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Алтын Орданың құрылуы, қоғамдық құрылысы, басқыншылық саясаты туралы түсінік беру. Оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандар Алтын Орданың құрылуын сипаттап, Алтын Орданың ыдырау себебін анықтап, өз ойын білдіріп, пікірлер айтып, қорытындылады. Шараға 30 адам қатысты.

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

Дата: 19.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 112
Биыл ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»атты мақаласы аясында Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында 2020 жылдың 19 ақпан күні «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби-сазды кеші көпшілік және мектеп оқушылары арасында өтті. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Кітапхана меңгерушісі А. Қадырова Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек еткені туралы, ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырғаны жайлы айтып өтті.Шара барысында №25 орта мектебінің 7- сынып оқушысы А. Қабден Абай атамыздың « Есіңде бар ма жас күнің» атты өлеңін жатқа айтып берді.Мақсаты:Оқушыларғ...

Терроризм халыққа төнген қатер

Дата: 19.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 133
19 ақпан күні қалалық №2 кітапхана филиалы бүгінгі күннің өте күрделі проблемасына айналып отырған терроризмге байланысты «Терроризм халыққа төнген қатер» деген тақырыпта трениг сағатын заң колледжінің студеттерінің қатысуымен өткізді. Мақсаты: Жастарға терроризм, экстремизм туралы терең түсінік беру, оның себептері мен зардаптарын ұғындыру. Одан сақтану, алдын алу жолдары туралы түсіндіріп айту, бейбітшіліктің маңыздылығын және мейірімділік пен ізеттіліктің, адамдарға жақсылық жасай білу өмірдегі басты ұстаным болу керектігін айту. Жастардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Отансүйгіштікке, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ