Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Менің пірім-Сүйінбай" атты қалалық байқауы

Дата: 25.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 240
2020 жылдың 25 ақпанында В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында 19-шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны, Алматы облысының Жамбыл ауданының тумасы Сүйінбай Аронұлының 205 жылдығына арналған «Менің пірім - Сүйінбай» атты қалалық байқауы өтті. Қала бойынша әр мектеп, колледж, университеттен үмітін арқалаған жас қатысушылар айтыскер ақынның «Менің пірім-Сүйінбай» атты ақынға арнауы мен «Бөрілі менің байрағым» атты айтыстарынан немесе жыр – толғауларынан жатқа үзінді оқыды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген қатысушылар өздерінің «үздік» екендіктерін көрсету үшін барынша тырысты. Солардың арасында қарсыластарынан оза шауып, көрермен көзайымы болып, ерекше тиянақтылық танытып дайындалған Тұрдаш Мадина Маратқызы, Бейсенбай Гүлдана, Мұхаметқазы Ақтілек сынды үміткерлердің еңбектері ақталды. Қазылар алқасының мүшесі І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің ұстазы Оразбаев Шалқар Елісұлы...

Абайдың екінші қарасөзі

Дата: 25.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 171
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт- сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүр...

«Жетісудың киелі жерлері» буктравел

Дата: 24.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 121
Ақпан айының 24-ші жұлдызында № 2 мектептің 6 «ә» сынып оқушыларымен қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, «Жетісудың киелі жерлері» тақырыбындабуктравел өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың жер жәннаты - Жетісу туралы түсініктерін толықтыру, туған ел табиғатының көркемдігі туралы мәлімет беріп, киелі жерлерімен таныстыру. Туған табиғатты көркейтуге, қадірлеуге тәрбиелеу, оқырмандарды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, табиғатты қорғап-қоршауға шақыру, экологиялық мәселені көтеру. Шара барысында кітапханашы Ф.Жакупова оқырмандарды слайд арқылы Жетісу өлкесінің киелі жерлерімен таныстырып өтті. Шараға 23 оқушы қатысты.

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 192
2020 жылдың 21 ақпан күні қалалық №2 кітапхана филиалы «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деген тақырыпта интерактивті кітап көрмесін ұйымдастырды, көрмені оқушы балаларға балаларға таныстырып, көрмеге шолу жасалды. Мақсаты: Жасөспірімдерге салуатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту, денсаулығын сақтауға, тазалыққа, спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға, таза ауада жүру керек екенін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Тіліміздің мәртебесі –еліміздің мәртебесі

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 133
2020 жылдың 21ақпан күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Тіліміздің мәртебесі –еліміздің мәртебесі» атты строителлинг №23 орта мектебінің 6 а сынып оқушылар арасында өтті.Кітапхана меңгерушісі Ж.Тынышбаева оқушыларға тіл-сол халықтың бұрынғы тарихын да,болашағын да танытатын,сол халықтың,ұлттың биік тұғыры,сондықтан да елдің болашағын,тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті, екені жайлы айтып өтті.Шара барысында Мойнақ ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Г.Изатова балаларға алдымен туған тілін сыйлап,мақтан тұтып білуі керек екені туралы айтты.Себебі тіл ана сүтімен бірге еніп,тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы,ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екені туралы мағлұмат берді.Мақсаты: жасөспірімдердің бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгеріп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу,қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.Балаларға Қазақстанда тұратын барлық ұлттың тілдерін сақтай отырып,мемлекеттік...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ