Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Анам менің – өмірімнің шуағы

Дата: 04.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 170
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай 2020 жылғы 4 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында «Анам менің – өмірімнің шуағы» атты әдеби-сазды кеш аналар және балалар арасында өтті. Мерекелік іс- шараға ауылымыздың әжелері қонаққа шақырылды. Шара барысында кітапхана меңгерушісі А.Қадырова келген қонақтарды құттықтап, өз алғысын білдіріп, отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілей отырып, мектеп оқушылырының қатысуымен аналар мерекесіне арнап оқушыларөз өнерлерін ортаға салды.Қабдолданова Ақбота «Сөйткен жан» өлең шумақтарын тарту етті. Әлихан Қазтай ана туралы «Ана» өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты: Ана–өмірдің шуағы, ана – өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі...

Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Дата: 03.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 506
Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

Абай афоризмдері.

Дата: 28.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 190
Абай афоризмдері. Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымыдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады. Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Абай

«Қазақстан - қарашаңрағым»

Дата: 28.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 111
Бейбітшілік пен ұлттар арсындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері татулықты сақтап, ел дамуы жолында маңызды рөл атқарып отыр. Биыл аталмыш ұйымның құрылғанына 25 жыл. Осыған орай 28 ақпан күні қалалық №2 кітапхана филиалы «Қазақстан - қарашаңрағым» деген тақырыпта заң колледжінің студенттері арасында жылжымылы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті, дәстүрі туралы кітаптар қойылып, көрмеге шолу жасалды.

Мәңгілік Ел: бір ел- бір тағдыр!

Дата: 28.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 143
2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтуде. Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Осы мерекеге орай 2020 жылы 28 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Мәңгілік Ел: бір ел- бір тағдыр!» деген тақырыпта строителлинг мектеп оқушылары арасында өтті. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары Әмірбай Диана, Балтабаева Ардақ, Джартыбай Аліби, Иманжан Мерей, Иманғазы Нұрасыл және Ақнұр мен Балнұр т.б. ақындардың Отанға, туған жерге, табиғат, ата-әжеге арналған өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа оқыды. Шараның басты мақсаты:Оқушыларға «Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын с...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ