Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Аяулы менің анашым!

Дата: 06.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 155
8-наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 2020 жылы наурыз айының 6-шы жұлдызы күні «Аяулы менің анашым» деген тақырыпта мектептің оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында : Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар, - деген өлең шумақтарын келтіре отырып, барша әйел қауымын көктеммен бірге жеткен мерейлі мерекелерімен 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының меңгерушісі К.Табылдинова кітапхана ұжымының атынан құттықтады! Әдеби-сазды кеш мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Асан Аделья «Ақ мамам» әнін орындаса, Қасымхан Ақнұр мен Қасымхан Балнұр, Иманғазы Нұрасыл, аналарға арналған өлең шумақтарын тарту етті. Джатрыбай Алиби сатирик Жүрсі...

Ана – өмір шуағы

Дата: 06.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 182
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап қалалық №2 кітапхана филиалы «Ана – өмір шуағы» деген тақырыпта мерекелік кеш өткізді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарға құрмет көрсету әр адамның перзенттік парызы. Ана – ұлы өмірдің туын көтерген, алауын жаққан ардақты жан. Батыр да, алып та, ақын да, қайраткер де – Ананың ақ сүтінен нәр алған. Кәзіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Әйелдер ел алдында түрлі саланың қызметкерлері болса, ал отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйтқысы, бақыт пен берекенің көзі содықтан да көктемнің шуақты мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысы деп қарсы аламыз. Шараға қатысқан №25 мектептің 6 а сынып оқушылары аналарға өздері арнайы дайындаған ән – билерінен шашу шашып мереке шырайын асқақтата түсті. Мерекелік кеш өте көңілді әрі тартымды өтті. Шараға 19 оқушы қатысты Мақсаты:...

Аман болсын аналарІ

Дата: 06.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 116
В библиотеке филиале № 3 села Еркин к Международному женскому дню 8 марта, 6 марта с учениками 6 класса школы № 11 , был проведен флешбук «Аман болсын аналар» Цель мероприятия: воспитать чувство любви к матери, уважать мать, уважать и уважать ее, развивать у учащихся индивидуальные способности и таланты, воспитывать нравственность, доброту, дружбу. В ходе мероприятия дети из книг искали и учили стихи для своих мам.

«Аналар – асыл жандар»

Дата: 05.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 174
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында Халықаралық әйелдер күніне орай 5 наурыз күні кітапхан оқырмандарымен әдеби караоке өтті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен қыздарды мерекемен құттықтау. Жастарды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Кітапхана қызметкерлері осынау әсем мерекемен барша қатысушыларды құттықтады. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген бұл мерекенің орны бөлек. Әрқашан да аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан ортаймайды. Аналар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Аналар, қыздар мерекесі құтты болсын деген ыстық тілектерін айтты. Әдеби караоке барысында оқушылардың аналарға деген ілтипаттарын өлең-жырларымен, әсем билері арқылы жеткізді.

"Ана-әлемдегі ардақты жан"

Дата: 04.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 170
Ана- қасиетті де, киелі есім! Ана! Бұл фәнидегі кіршігіне кір жұқпаған жалғыз құдіретті ұғым. Ана— әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Осы орайда, 2020 жылдың 5 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында №16 орта мектеп гимназиясының оқушылары мен «Жыр жұлдыздары» клубының жас өнерпаздарының қатысуымен «Ана – әлемдегі ардақты жан» атты өлең-жыр сағаты өткізілді. Шарада бөлім меңгерішісі А.Егізтаева оқушыларға «Ана туралы» бейнеролик көрсетіп, слайдпен таныстырды. Сондай-ақ, оқушылар аналарына деген өлең жолдарын оқып, «Ана туралы жыр» атты әнін және «Қамажай» биін сыйға тартты. Оған қоса оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін ойын ойнатылды. Кеш нәтижесінде көрермен қауымнан клубқа қатысам деген қызығушылық пайда болды. Аталмыш шара оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу, еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында өткізілді.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ