«Қыз өссе, елдің көркі» әдеби – сазды кеш
Дата: 11.03.2020
Категория: Новости
Просмотры: 138
Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген, қыздарын болашақ ана, алдағы ұрпақ жалғастырушы деп, қыздар мен бойжеткендер, апа – әжелерге үлкен құрметпен қараған. Осыған орай наурыз айының 4-ші жұлдызында 8 наурыз Халықаралық әйелдеркүні мерекесіне қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсетубөлімінде №2 мектептің 6 а сынып оқушыларымен «Қыз өссе, елдің көркі»атты әдеби – сазды кеш өтті. Мақсаты:8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасыныңберекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету. Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу, аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.Мерекелік кешті кітапханамеңгерушісі Надамгүл Шерниязқызы құттықтау сөзімен ашты. Кеш «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар» мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесінің тарихымен таныс...