Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Дата: 20.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 151
Елдігімізді, береке-бірлігімізді танытатын, игіліктің бастауы, ел тұтастығының арқауы болған, еліміздің аузы аққа, малымыздың тұяғы көкке тиген Ұлыстың ұлы күні Наурыз айының біз үшін ғана емес, адамзат баласына берер берекесі мол. Бұл ай мейірім мен шапағат, ынтымақ пен ырыс мейрамы, Самарқаның көк тасы жібитін айда адамдардың сыйластығы, бауырмалдылығы арта түседі, ренжіскен жандар татуласып, жаңа күнен жақсылық күтеді. Табиғат-Ананың мәрттігіне бас иіп, оны аялап жаңа ағаш көшеттерін отырғызады, бұлақ көзін ашады.Бұл ата-бабамыздан келе жатқан ұрпаққа берер тағылымы мол тәрбие. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз жыл басы

Дата: 17.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 172
2020 жылғы 17 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында Ұлы мерекеміздің мемлекеттік мәртебе алып, ресми мерекелене бастағанына, орай оқу залы бөлімінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған«Наурыз жыл басы» атты кітап көрмесі көпшілік оқырман қауымына арналып ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарға шығыс халықтарының мерекесі Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру, өлкетануға деген құрметін ұлғайту, халықтық мейрамның барысы, маңызы туралы мағлұмат беретін кітапхана қорындағы бар кітаптарды өз қажетттіліктеріне жарату. Кітап көрмесінде ұсынылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына» т.б кітаптарында табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңаруы туралы және адамзаттың бойында қ...

Әбу Насыр-Әл Фарабидің нақыл сөздері

Дата: 13.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 158
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.

«Әннің туын әуелеткен Қанабек»

Дата: 13.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 156
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 13 наурыз күні кітапхана оқырмандары арасында қазақ өнерінің мақтанышы, опера әншісі Қанабек Байсейітовтің туғанына 115 жыл толуына орай «Әннің туын әуелеткен Қанабек» атты әдеби вернисаж кітапхана оқырмандары арасында өтті. Шараға Өтенай ауылдық өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары шақырылды. Мақсаты: Қазақ өнерінің жарық жұлдызы, дара тұлға Қанабек Байсейітовтың өнерін үлгі ету, насихаттау. Шара барысында оқырмандарға танымал тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайлы кең көлемде мағлұмат берілді. Онда :-Қ.Байсейітов есімі киноактер ретінде де кеңінен танымал. Бұған оның «Қазақфильм» студиясында түсірген «Амангелді», «Жамбыл», «Тыныштық», «Мылтықты адам», «Ботагөз», «Шабандоз», «Даладағы қайың», «Асау Ертіс жағасында» атты фильмдері айғақ. Бір бойында әншілік, актерлік, режиссерлік өнерді қоса алып жүрген Қ. Байсейітов драмат...

Ерлік елге мұра-ұрпаққа ұлағат

Дата: 13.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 210
Биыл, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына -75 жыл толуына орай, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 13 наурыз күні «Ерлік елге мұра-ұрпаққа ұлағат»атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеге .библиографиялық шолу жасалды. Бұл сол кездегі кеңес халқының өшпес ерлігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні-халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен қаһармандықтың символы. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін көрсетті. Басқа халықтармен бірге иық тіресе біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам-Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Мақсаты: Оқушыларға өз елінің батырларының ерліктерін есте сақтау, олардан үлгі алу, Отанды қорғау, елін, жерін, отансүйгіштіке тәрбиелеу сынды тарихи...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ