Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері»

Дата: 26.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 111
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы 26 тамыз күні әлеуметтік желі оқырмандарына «Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері» атты слайд көрмені ұсынды. Мақсаты: Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/786258848802377/

Ядролық қарусыз Қазақстан

Дата: 26.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 170
2020 жылы 26 тамыз күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) Семей полигоны туралы оқырмандар назарына «Ядролық қарусыз Қазақстан» атты слайд шоуды ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Семей полигонын жабуға күш салған Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев, Х. Матаев, Н. Сабильянов, М. Аймақов сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету, өз ата-мекенін сүюге тәрбиелеу, өз еліне, өз туған жеріне сүйіспеншілігін сақтай отырып оның табиғатын, табиғат байлықтарын қорғауға ұмтылдыру. Жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі - күн, су, ауа жайлы және олардың денсаулыққа пайдасын, пайдалану жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Оқырмандардың жоғары деңгейде қабылдауын, логикалық ой қорытуын дамыту.

Ата заңым айбарым

Дата: 26.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 82
2020 жылы 25 тамыз күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерекесіне орай оқырмандар назарына «Ата заңым - айбарым» атты слайд шоуды ұсынды. Мақсаты: Мемлекеттік мереке азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі –ел Ата Заңының 25 жылдығына орай конституция бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу, саяси өмірден хабардар , қоғам алдында тұрған мақсаттарды шешуге белсене араласатын жеке тұлғаны қалыптастыра отырып шығармашылық, іздемпаздық дағдысын дамыту, қоғамдық өмірде өз орнын дұрыс анықтай алатын, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосуға үлес қосатын, бойына тұлғалық асыл қасиеттерді сіңірген патриот азамат тәрбиелеу.

Әл-Фараби афоризмдері

Дата: 26.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 228
Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.Осыған орай 2020 жылғы 13 тамыз күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің афоризмдерін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарды Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл – Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру. «Афоризмдер» сияқты еңбектері насихаттау. Әл-Фараби – адам тәрбиесінің бастау көзі еңбек екендігін ғылыми дәлелдеген алғашқы ғалым. Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу Насыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Қоғам байлығы-жастардың денсаулығы

Дата: 25.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 118
2020 жылғы 29 шілде күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалының онлайн түрінде «Қоғам байлығы-жастардың денсаулығы» атты видеоролик оқырман қауымының назарына ұсынды. Мақсаты:Денсаулық адам баласының қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін,салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жеке бас гигиенасын сақтау және жат қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.Білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ