Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Ата заңым-ардағым"

Дата: 27.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 103
Тамыздың 27-сі күні қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқырмандардың назарларына Қазақстан Республикасының Ата –заңының 25 жылдық мерекесіне арналған « Ата заңым –ардағым» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата Заңның атқаратын рөлі,оның маңызын айқындау. Оқырмандардың адам құқығы ,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,заң алдында жауапкершілікті арттыру ,алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Мемлекттік рәміздер – ел мәртебесі

Дата: 27.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 84
2020 жылы 4 маусым күні № 6 кітапхана филиалы «Мемлекттік рәміздер – ел мәртебесі» атты (4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні) атты слайд-шоу ұсынды. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, жастардың өз ойын дұрыс жеткізуге ынталдандыру, оларды Отан сүйгішке, адамгершілікке, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Ғасыр дертінен құтылған тәуелсіз Қазақстан

Дата: 27.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 160
2020 жылы 26 тамыз күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы «Ғасыр дертінен құтылған тәуелсіз Қазақстан»атты видеороликті оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндірген Семей полигоны жайлы, оның зардаптары туралы түсіндіру. Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында әңгімелеу, болашақ ұрпақты қасиетті ата-баба жерінің мұңын бөлісуге шақыру, Семей полигоны - қайғылы шындық екенін ұмытпау.

Айбарлы асқар елді асқақтатар -Ата Заң

Дата: 27.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 127
2020 жылғы 25 тамыз күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы Қазақстан Республикасы Конституцияға 25 жыл толуына орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар -Ата Заң»атты видеоролик назарларыңызға ұсынды. Мақсаты: Ел тәуелсіздігінің кепілі- Қазақстан Республикасының Конституцияы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығына таныту. Қазақстан Республикасы Ата Заңымызбен елдігіміздің белгісі көк байрағымыз көкте желбіріп,гимінімізәлемге шырқалып жүргені туралы айту.Әрбір Қазақстан азаматының ендігі парызы осы құндылықтарды сақтау, қадірлеу, заңдарын орындау.

Семей қасіреті-қазақ қасіреті

Дата: 27.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 113
1947 жылы 21 тамызда КСРО Үкіметінің арнайы қаулысымен «Семей - 21» деген шартты атаумен жаңа жасырын қала пайда болды. 1949 жылы 29 тамызда тұп - тура таңғы сағат 7 - де Семей ядролық сынақ полигонында тұңғыш рет КСРО мемлекетінің ядролық қаруы сыналды. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты (жылына 14 - 18 сынақ) құрады. Олардың 116 - сы ашық жер бетінде болды. Қазақ жеріндегі осындай адам төзгісіз алапатты тоқтатып, тажалды тізгіндеуде аянбай еңбек еткен тұлғалар бар. 1991 жылдың 29 тамызында Президент Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл - Тәуелсіздік ала сала қазақ елі қабылдаған алғашқы маңызды шешімдердің бірі болды. Міне, биыл Семей полигонының жабылғанына 29 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 26 тамыз күні «Семей қасіреті-қазақ қасіреті» деген тақырыпта видеороликті назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мақсаты-Семей өңірінде жүргізілген яд...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ