Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Жақсыдан үйрен ,жаманнан жирен "

Дата: 15.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 97
Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 13-шіжұлдызында оқырмандардың назарына «Жақсыдан –үйрен,жаманнан жирен » атты кітапты дауыстап оқып берді. Мақсаты: Ұсынылып отырған «Жақсыдан-үйрен,жаманнан жирен » атты кітап баланы жалқаулық,мейірімсіздік,өзімшілдік,шыдамсыздық,салақтық сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/824509628310632/

«Әлем таныған Әнуар»

Дата: 15.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 75
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы 15 қазан күні Әнуар Әлімжановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Әлем таныған Әнуар» атты видеороликті әлеуметтік желіге жарияланды. Мақсаты:Әнуар Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығын, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/826238328137762/

«Елі құрмет тұтқан Орақты батыр» атты слайд шоу

Дата: 14.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 75
Қазан айының 14-шы жұлдызында өткен 15 ғасырда қазақтың сайын даласында тозған елінің көшін түзегендердің бірі – Жалайыр Орақты батырдың 600 жылдығына орай қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар назарына «Елі құрмет тұтқан Орақты батыр» атты слайд шоу ұсынды. Мақсаты: Орақты батыр өмірі оның жастық шағы, ерлік істері жайлы білім бере отырып оқушылардың бойына қайсарлық, потриоттық сезім қалыптастыру.Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында 61 қаралым, 7 оң пікір, инстаграм парақшасында 39 қаралым, 11 оң пікір жазылды. Жалпы 118 қаралым болды.

Айман Кәріпбаеваның ертегілерін онлайн тыңдау

Дата: 14.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 58
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге , елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді деген мақсатта қазан айының 12-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі оқырмандардың назарына жергілікті ақын, балалар жазушысы Айман Кәріпбаеваның ертегілерін онлайн ұсынды. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында 109 қаралым, 9 оң пікір, инстаграм парақшасында 48 қаралым, 8 оң пікір жазылды. Жалпы 174 қаралым болды.

Өнер талаптан туады

Дата: 13.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 63
2020 жылдың 13 қазан күні сағат 11-00 «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Т.Жүргенев атындағы Қазақ Өнер Академиясының доценты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Академиясының академигі, Халықаралық Карл Фаберже орденінің кавалері, Халықаралық Тұран сыйлығының лауреаты, Ә.Қастеев атындағы алтын белгі иегері, зергер- суретші Дәубаев Естай Серікбайұлымен «Өнер талаптан туады» атты онлайн- кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды отандық атақты зергерлермен, олардың өнерімен таныстыру, жалпы зергерлік өнер туралы мәлімет беру. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ