Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Әл-Фараби афоризмі

Дата: 30.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 112
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Фейсбук, инстаграм, вк парақшасында 2020 жылы 19 қазан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында оқырмандар назарына әлемге әйгілі Шығыстың ғұлама ойшылы, философ, социолог, математик, физик,астролог,ботаник,лингвист, музыка теоретигі. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің қанатты сөздерін ұсынамыз. 1. Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәрте ел алдаса да өзіңді. Тағдырыңды еш уақытта жазғырма, Кезде дағы әзәзілдер азғырған. 2. Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді. 3. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш-денінің саулығы. 4. Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек. 5. Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. 6. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. 7. Қандай әрекет жасап, қандай іс іс...

Онлайн кездесу

Дата: 30.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 56
2020 жылы 29 қазан күні сағат 11-00-де фейсбук парақшасында Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен өнер сүйер қауым үшін Қаскелең мәдениет колледжінің «Халық аспаптар бөлімін» бітірген. Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінде «Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің» музыка жеткшісі, "Жыл үздігі" және "Үздік әнші" номинациясының иегері Үмбетов Азамат Талғатұлымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Өнерім-өмірім» атты онлайн кездесу өтті. Мақсаты- өнерге деген қызығушылықты арттыра отырып, оның түрлерімен таныстыру, сонымен бірге құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса»

Дата: 29.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 180
Қазақтың сазгері, саз өнеріне домбырашы, дирижер, композитор ретінде үлесін қосқан тұлға - Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына орай қазан айының 29-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты слайд галерея ұсынылды. Мақсаты: Н.Тілендиев жайлы әңгімелеу, оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/838158226945772/

"Жақсыдан үйрен жаманнан жирен"

Дата: 28.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 74
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, таным- белсенділігін арттыру, жаман мінез әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 26 -шы жұлдызында оқырмандардың назарына «Жақсыдан –үйрен,жаманнан жирен » атты кітаптың «Теріс ұғым» оқиғасын дауыстап оқып берді. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/835663147195280/

"Түймеқыз"

Дата: 28.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 96
Оқырмандарды ертегілерден үлгі –өнеге алуға үйрете отырып , ізгілік, қамқорлық,жанашырлық қасиеттері туралы түсінік беру,өзіне және өзгелерге қамқор болуға баулу адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 20-шы жұлдызында Г.Х Андерсеннің танымал «Түймеқыз» ертегісіне 185 жыл толуына орай дауыстап оқу бейнеролигі әлеуметтік желілерде оқырман назарына ұсынылды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/830529461041982/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ