Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Қазақ жырының тұңғиығы

Дата: 06.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 101
2020 жылы 28 қазан күні Учхоз( ЗВТ) №8 кітапхана филиалы ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ жырының тұңғиығы» атты видеоролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарды қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Ж. Нәжімеденовтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстыру."Менің Қазақстаным"өлеңінің шығу тарихымен таныстыру. Оқырмандарды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Жүрек жылуы жобасы аясында: Қайрымдылық - жылы жүректен

Дата: 06.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 98
2020 жылы 21 қазан күні Учхоз (ЗВТ) «№8 кітапхана филиалы «Жүрек жылуы» жобасының аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарға орай «Қайрымдылық - жылы жүректен» атты строителлинг Жексембаева Нұрғамила апамызбен өтті. Кітапханашы А.Қадырова ол кісіге жаңадан келіп түскен әдебиеттерден бірнеше кітаптар мен журналдар апарып насихаттау жұмысын жүргізді және қызығушылық танытқан кітаптарын оқырман формулярына жазып берді. Мақсаты: Оқырмандарға «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей , адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік береді.

Абай өлеңдерін қашықтықтан оқу

Дата: 06.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 62
2020 жылы 19 қазан күні Учхоз( ЗВТ) №8 кітапхана филиалы Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, кітапхананың тұрақты оқырманы Жазира Құсайынова «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін қашықтан оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарға Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.

Жаңылтпаштар жаттайық

Дата: 04.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 192
2020 жылдың 4 қараша күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалы Фейсбук және Инстаграм желісіне Жаңылтпаштар жүктелді. Мақсаты: Оқырмандардың жаңылтпаштар туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздік қорларын кеңейту.

Абайдың қара сөздері

Дата: 04.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 62
2020 жылдың 3 қараша күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай оқуларын жалғастыруда. Фейсбук және Инстаграм желісіне Ахметова Дильназдың орындауында Абайдың төртінші қара сөзі жүктелді. Мақсаты: Оқырмандар арасында ұлы Абайдың қара сөздерін насихаттау, мағынасының тереңдігін көрсету
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ