Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Жемқорлық қоғам дерті»

Дата: 09.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 96
Оқырмандардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу мақсатында қараша айының 3-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Жемқорлық қоғам дерті» атты слайд шоу ұсынылды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/842334699861458/

«Бір ел – бір кітап» акциясы

Дата: 09.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 59
Қараша айының 2-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Бір ел–бір кітап»Республикалық акциясы аясында кітап көрмесіне онлайн шолу ұйымдастырылды. Мақсаты:ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/841221573306104/

Бір ел-бір кітап акциясы

Дата: 09.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 51
Фейсбук, инстаграм, вк парақшасында 2020 жылы 02 қараша күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен көпшілік оқырмандар назарына «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында библиофрешті ұсынамыз

Абайдың қара сөздері

Дата: 06.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 77
2020 жылы 4 қараша күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Любовь Кенжебекова апамыз Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына Абай атамыздың «38-ші қара сөзін» қашықтан оқу арқылы оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарға Абай шығармаларына шолу жасау, Абай қарасөздерін оқу, талдау, мағынасын ашу. Абай қара сөздерінде ақыл – ойды поэтиқалық шеңберді асыра көрсетті. Осы жинақта ұлағатты және ізгі ниетті сөздерді көруге болады. Абай қара сөздерді жазу себебі, ол келешек ұрпақтың жақсы мен жаманды айыра білгенін танытты. Жас шыбықтан биік діңгек өсетіні сияқты адамзат баласын сәбилік шағынан тәрбиелеу деп санаған екен.

Жұмбақтар шеше отырайық

Дата: 06.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 153
2020 жылы 2 қараша күні Учхоз ( ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Жұмбақ шеше отырайық» видеоролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандардың жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді». Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ