Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» атты портрет куражы

Дата: 15.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 22
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 15 қазан күні қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» атты портрет куражы өткізілді.Мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянымен таныстыру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау. ttps://www.instagram.com/p/DBJLG9OCobO/?igsh=MW8ybTlqYzMxZm9pNw==

«Балалық шаққа саяхат» атты саяхат сабағы

Дата: 15.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, «Коворкинг» орталығында 2024 жылдың 15 қазан күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевқа арналған «Балалық шаққа саяхат» атты саяхат сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты: «Бір ел -бір кітап» акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау.

«Қайтып Кенен тумайды» ақпарат сағаты

Дата: 15.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 33
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында 2024 жылдың 15 қазанында сағат 10-00 № 11 мектептің оқушыларымен қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, әнші және композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қайтып Кенен тумайды» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты; Кенен Әзірбаевтың өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру. Шараға 25 бала қатысты. https://www.facebook.com/photo/?fbid=498980956459257&set=pcb.498981353125884&__cft__[0]=AZVO4uRaKoODkpUMYcDjwUnhGyNI3P16BkLSNG6uGLCVhnS0b_KDxY--T5PdY-osszq-anpB9hbdV7jN552apEc6erhqrXGbGn6Br78RdXOCz6nFN-K_bSXewBmvuJbGqric3WNAAsuxZQW4NRBIIDJ-T8sZ73hPcFURKNQmPcMsoA&__tn__=*bH-R

«Шешен болсаң шешіп көр» интеллектуалды сайысы

Дата: 14.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 27
2024 жылдың 11 қазан күні қалалық орталық кітапханасында оқырмандарды кітап оқуға шақыру, қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Шешен болсаң шешіп көр» атты интеллектуалды ойын сайысы өтті. Сайысқа « Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласындағы облыстық №1 «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалары келді. Мақсаты: есту қабілеті бұзылған балаларды жан- жақтылыққа үйретіп, көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, функционалдық сауаттылығын арттыру. Шара басында оқырмандарымызға кітапханамыздың абонемент бөліміне саяхат жасалынып, оқу залында балаларға қызықты сұрақтар қойылып, «Білім инемен құдық қазғандай», «Кім жылдам» ойындары өтті. Оқырмандар ойынға белсене қатысып, тапқырлықтарын көрсетті. 2024 жылдың 11 қазан күні қалалық орталық кітапханасында оқырмандарды кітап оқуға шақыру, қызығушылықтарын арттыру мақсатын...

«Ұлт рухының биік бәйтерегі» әдеби караоке

Дата: 11.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 24
2024 жылдың 11 қазан күні 3- ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында мектеп оқушылары арасында «Ұлт рухының биік бәйтерегі» атты әдеби караоке өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру, ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. https://www.instagram.com/p/DA-NnGlCgdN/?igsh=OW4wb3RtazJ3eng1
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ