Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Әл-Фараби шығыстың ұлы ғұламасы

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 75
2020 жыл 21 қазан күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы шығыстың ғұлама ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби шығыстың ұлы ғұламасы» атты танымдық бейне сағатты әлеументтік желі оқырмандарына ұсынды. Мақсаты: Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың аса құнды еңбектерін, өлмейтін - өшпейтін өсиеттерін, оқырмандардың жан жүрегігіне жеткізіп, ақылына терең сіңіріп, кеңінен насихаттау, рухына тағзым ету, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Абай дана, Абай дара қазақта

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 109
20 қазан 2020 жылы Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ақпаратты әлеументтік желі оқырмандарының назарына ұсынды. Мақсаты: Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын, нақыл сөздерін кеңінен насихаттау, ақынның өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, олардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ақын рухына тағзым ету, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Жаңылтпаштар

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 122
2020 жылдың 5 қарашасы күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы балалардың тілін жаттықтыратын, мәнерлеп әрі мүдірмей сөйлеуі үшін қазақ ауыз әдебиетінің жаныры жаңылтпаштарды әлеументтік желі оқырмандарының назарына ұсынады. Мақсаты: Жас ұрпақтың орамды әрі анық сөйлеуіне, әр түрлі сөздерді шапшаң айтуға үйрету, логикалақ ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, адамгершілікке, ұтжандылыққа тәрбиелеу,

Абай өлеңдерін қашықтан оқу

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 64
2020 жылы 16 қараша күні Талдықорған қалалық (Учхоз ЗВТ) №8 кітапхана филиалы Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Шоқан Уәлиханов атындағы #10 орта мектеп - гимназиясының 3 сынып оқушысы Алтынай Маясарова Абай атамыз «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу, Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін жатқа айтып, жастардың, жасөспірімдердің рухани адамгершілік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, жасөспірімдер Абай өлеңдерін жаттау арқылы ойы дамыса, ал қара сөздерінен ғибрат алады. Сондықтан, қазақтың әр баласы Абай өлеңдерін жатқа білуі керек.

"Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті"

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 62
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы әлеуметтік желі оқырмандарының назарына 16 қараша күні «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» атты видеослайдты оқырмандардың назарларына ұсынды. Мақсаты: «Сыбайлас – жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайларын, оның тудыратын зияны туралы түсінік беру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/853212925440302/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ