Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Кружок: «Умелые руки»

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 54
Вновь встретились любители рукоделия кружка «Умелые руки». Вначале нашей встречи обсудили какую поделку мажно сделать по теме зимнего пейзажа. Решили смастерить снежные ветки. Понадобился материал: ветки, бумажные салфетки, клей , карандаш , линейка, ножницы. Салфетки нарезали шириной около 2 см. Вдоль салфеток настрогали бахрому. На кончик полоски нанесли слегка клея и по спирали внахлест обмотали ветку. Полоски закончились – чуть клея, закрепили, берем следующую. Таким образом оформили все веточки. Вот какой зимний букет получился ! Он неплохо будет смотреться в Новогоднем декоре, а делается быстро и просто. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=842468626514732&id=100022548073225

Кітапханаға кітап сыйла акциясы аясында

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 132
Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды роль атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау - қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып қалалық №2 кітапхана филиалы кітап қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын өткізіп келеді. Акцияға белсене қатысқан кітапхананың тұрақты оқырманы Үрімханова Бақыт апайымыз кітапхана қорына 150 кітапты сыйға тартты. https://www.facebook.com/photo.php?fbid=845040956257499&set=a.140072923420976&type=3

ХХІ ғасыр жастары қандай болу керек

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 71
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жастардың болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Қоғам талабына сай өз Отанын, халқын, тілін сүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасаты мол азамат болып өсу бүгінгі жастарымыздың талабы. Осыған байланысты 2020 жылдың 10 қарашасы күні қалалық №2 кітапхана әлеуметтік желі оқырмандарына «ХХІ ғасыр жастары қандай болу керек» деген бейнероликті ұсынды. Мақсаты: Жастарды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға, танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, жастардың бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/848...

Жыр алыбы Жұбан ақын

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 76
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай қалалық №2 кітапхана филиалы оқырмандарға ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау, әдебиетке деген ынталарын арттыру, ақынның қалам өнеріндегі дарын шеберлігін таныту, поэзия деген қызығушылығын, құштарлықтарын арттыру мақсатында «Жыр алыбы Жұбан ақын» атты слайдты әлеуметтік желі арқылы оқырмандарының назарына ұсынды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/820015475426714/

Салауатты өмір- біздің болашағымыз

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 76
Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты, ал денсаулығы мықты ұрпақ халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі, еліміздің болашағы. Осы мақсатта 14 қазан 2020 жылы Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» деген тақырыптағы ақпаратты әлеументтік желі оқырмандарына ұсынды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін білуге, денсаулығын сақтауға жат әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жан-жақты рухани дамыған ұрпақ тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/825325198229075/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ