Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Жырлайды жүрек

Дата: 23.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 102
2020жылы 19 қараша күні Учхоз ( ЗВТ) №8 кітапхана филиалы Айтыскер ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Надежда Лушникованың – 80 жасқа толуына орай «Жырлайды жүрек» видеоролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарды Надежда Лушникованың өмірбаянымен таныстыру, шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Қазақтың қасиетті айтыс өнері қайта жаңғырған 1970-80 жылдары суырыпсалма бір топ ақын жарқ етіп елге танылғаны, жастайынан домбыра тартып, ән салған жас қыз республикалық жыр сайыстарында топ жарып, халықтың ықыласына бөленгені, айтыс өнерінің жаңаша дамуына үлес қосқаны, Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың батасын алып, ұлағатын ­бойына сіңірген, халқымыздың айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, тіл жанашыры Надежда Лушникова бүгінде сексен жастың сеңгіріне шығып, ел анасы дәрежесіне жетіп отырғаны туралы айтып өту. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/854865468608381/

Қашықтан оқу

Дата: 23.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 67
Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Талдықорған қаласының 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыыруымен 2020 жылы 23 қараша күні әлеуметтік желі қолданушылардың назарына фейсбук, инстаграм, вконтакте парақшаларынан №10 мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Балтабаева Ардақ Абай Құнанбайұлының «Күз» өлеңін қашықтан мәнерлеп оқуды жалғастырды. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру, оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Әл-Фараби афоризмі

Дата: 23.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 59
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы Әл-Фараби афоризмдерін сіздердің назарларыңызға ұсынады. Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

Бетперде тігу

Дата: 23.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 57
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Мерей» -қолөнер клубы оқушылармен жұмыс істейді. Сіздердің назарларыңызға үй жағдайында матадан бетпердені қалай тігуге болатынын үйрету.

Зиянды әдет-қоғамдық індет

Дата: 23.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 120
15 қараша-Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай 2020 жылы 11 қараша күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен фейсбук, инстаграм, вк парақшасында көпшілік оқырмандар назарына «Зиянды әдет-қоғамдық індет» атты шок-урок ұсындық. Мақсаты-салауатты өмір салтын сақтау, темекі шегу зиян екенін жасөспірімдерге түсіндіру, қазіргі қоғам талабына сай салауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ