Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Елбасы – ел тірегі»

Дата: 25.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 59
Қараша айының 23-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік желі парақшаларында 1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел тірегі» атты кітап көрмесіне онлайн видео шолу өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып оқырмандарды Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=858593878235540&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CH6vg5LnO5L/?igshid=mnzjig9wy1ta

Шебердің қолы ортақ

Дата: 25.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 125
Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалы 2020 жылы 23 қараша күні«Шебердің қолы ортақ»атты бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандардың қолөнер арқылы жарысу қабілеттерін дамыту, әр түрлі бұйымдар жасау, мысалы: құрақ құрау, тоқыма тоқу, тігін тігу, сурет салу, ою-ою сияқты ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/859807898114138/

"Күнді шақыр"

Дата: 24.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 72
Жаппар Өмірбектің өлең -тақпақтарын насихаттау, өлеңін мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру,сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру мақсатында қараша айының 19-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Байбатырова Еңілік дауыстап оқыған «Күнді шақыр» атты видеоролигі оқырмандар назарына ұсынылды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/855131358581792/

"Отбасымызбен кітапханаға"

Дата: 24.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 90
Бала үшін әлем отбасынан басталады. Мұнда ол алғашқы қадамдарын жасайды, алғашқы сөздерін айтады, алғашқы кітаптармен танысады. Бұл баланың жарқын кітаптар , суреттері бар беттерді парақтайтын, алғашқы әдеби кейіпкерлерді, олардың тағдырлары мен оқиғаларын бастан кешіруге, таңдануға үйрететін әкесі мен анасы. Егер ата-ана мен бала кітапты жиі қолына алса, онда отбасында рухани бірлік, бейбітшілік пен махаббат орнайды Ата-аналар мен кітапханашының күш-жігерін біріктіру мақсатында орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушылырына қызмет көрсету бөлімінде отбасылық оқу жұмысы жүргізіледі Кітапханашылар Ата-аналарға кітапханадағы отбасылық оқудың үлгілі бағдарламасы ретінде «Менің отбасылық кітапханам» және «Ата –аналар сіздер үшін» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды.

"Жол ережесін есте сақта"

Дата: 24.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 108
Қараша айының 16-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқырмандар назарына «Жол ережесін есте сақта!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,әлеуметтік желілерге жарияланды. Мақсаты: Оқырмандардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру,іс-жүзінде асыра білуге үйрету.Жолда жүру ережелерін сақтай білуге,тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/853161432112118/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ